Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шу аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып таңылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 17 қарашадағы № 19-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3616 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шу ауданының | |
мәслихат хатшысы | Ж. Абенов |