Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Уызбай ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 13/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 36 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 наурызда № 6231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 09 қазандағы қорытындысы және Уызбай ауылының 2019 жылғы 14 қазандағы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Уызбай ауылы – Маржанкөл ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
      Сессия төрағасы А. Магзумов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады