Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
___________
2021 жылғы "____"_______
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 23/01 қаулысына қосымша |
2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ реттік саны | Тауарлық балық өнімдерінің түрлері | 2021 жылға өнім өндірісінің жоспарланған көлемі, килограмм | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 килограмм өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм | Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм (3 бағана х 4 бағана) | 1 килограмм өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге | Азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығын, теңге (5-баған х 6-баған)) | Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, мың теңге (Азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығынның 30%) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Албырт және оның буданы | 4 094,5 | 1,2 | 4 913,4 | 270 | 1 326 618 | 398 |
2 | Бекіре және оның буданы | 8 272,8 | 1,5 | 12 409,3 | 285 | 3 536 651 | 1 061 |
3 | Тұқы және оның буданы | 238 375 | 4,0 | 953 500 | 105 | 100 117 500 | 30 035 |
БАРЛЫҒЫ | 31 494 |