Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 24 мамырда № 6341 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Зеленый аралы орналасқан шекте Балқаш көлінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су объектісінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі, "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы", "Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы", "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Қарағанды облысы әкімдігінің "Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      санитариялық-эпидемиологиялық
      бақылау комитетінің төрағасы
      _______________ А.С. Есмағамбетова

      2021 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Экология, геология және
      табиғи ресурстар министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Балқаш - Алакөл бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы ________________ Р. М. Иманбет

      2021 жылғы "_____" ______________

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 17
мамырдағы
№ 33/03
қаулысына 1 қосымша

Қарағанды облысының Зеленый аралы орналасқан шектегі Балқаш көліндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ауданы, гектар

Ені, метр

Ұзындығы, километр

Ауданы, гектар

Ені, метр

Ұзындығы, километр

1

2

3

4

5

6

7

Балқаш көлі Зеленый аралының орналасқан жері шегінде (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған)

-

-

-

2,62

35

1,254

      Ескертпе:

      1. Арал аумағы толығымен су қорғау аймағына қосылады және Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының ең жақын жағалау аймағы шегіндегі Балқаш көлінің су қорғау аймағына сәйкес келеді.

      2. Су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 17
мамырдағы
№ 33/03
қаулысына 2 қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше шарттары

      1. Су қорғау аймақтары шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау белдеулері шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады