Қарағанды облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 57/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте № 24211 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 26/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.04.2022 № 26/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 929 107 000 (тоғыз жүз жиырма тоғыз миллион жүз жеті мың) теңге сомасында бекітілсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады