Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 67/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қазанда № 24704 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2021 жылғы
4 қазандағы № 67/01 қаулысына
қосымша

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 17.01.2023 № 04/01 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қосымша білім берудің түрі мен бағыты

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Ерекше білім беруді қажет ететін бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

1

Ғылыми-техникалық

842

4284

5998

2

Туризм және өлкетану

270

4284

5998

3

Көркемдік-эстетикалық

1140

4284

5998

4

Әлеуметтік- педагогикалық

400

4284

5998

5

Гуманитарлық

228

4284

5998

6

Экологиялық- биологиялық

120

4284

5998


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады