Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 89/01 қаулысымен бекітілген |
Қарағанды облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Қарағанды облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.
3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметрі үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметр үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосымша құн салығы есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін, телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;
V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.
Қарағанды облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша |
Қарағанды облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | 2022 жылға базалық баға (теңге) | 2023 жылға базалық баға (теңге) | 2024 жылға және алдағы жылдар базалық баға (теңге) |
1 | Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn) | шаршы сантиметр | 1117 | 1172,85 | 1231,5 |
2 | Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm) | шаршы сантиметр | 48 | 50,4 | 52,92 |
3 | Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi) | символ | 143 | 150,15 | 157,66 |
4 | Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) | минут | 439 000 | 460 950 | 483 997,5 |
5 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қарағанды облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) | минут | 16 000 | 16 800 | 17 640 |
6 | Қарағанды облысының аумағындағы міндетті телеарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) | минут | 5 000 | 5 250 | 5 512,5 |
7 | Ақпараттық бағдарламалар мен аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және радиода орналастыру (Br) | минут | 16 493 | 17 317,65 | 18 183,54 |