"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 33/53 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 мамырда № 6336 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса ұсынылған "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (С.С. Асылбекова) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы С.С. Асылбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды қаласының
әкімдігі
2021 жылғы 14
мамырдағы
№ 33/53
қаулысымен бекітілген

"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану тәртібі

      1. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін қолданудың осы тәртібі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 35 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеу қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Мемлекеттік қызметшіге бір ғана айырмашылық үшін бір ғана көтермелеу қолданылады.

      4. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі, мемлекеттік қызметті мінсіз орындағаны, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығмен бекітілген, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу мерзімдеріне және қағидаларына сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. "Қарағанды қаласы әкімдігінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін, Қазыбек би атындағы және Октябрь ауданының әкімдері мен Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің басшыларын көтермелеу Қарағанды қаласының әкімімен құрылған, көтермелеу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынысы бойынша Қарағанды қаласы әкімінің өкімі негізінде жүргізіледі.

      Көтермелеу туралы өтінішті әкімнің орынбасарлары, Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы Қарағанды қаласы әкімінің атына енгізеді және ұсыныстарды әзірлеу үшін комиссияға жібереді.

      6. Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерінен, Қазыбек би атындағы және Октябрь ауданы әкімдері мен Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің басшыларынан басқа Комиссия нұсқаулығы бойынша мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Көтермелеу туралы өтініштерді басшының орынбасарлары немесе мемлекеттік мекеме секторларының меңгерушілері енгізеді және ұсыныстарды әзірлеу үшін мекеме басшысы Комиссияға жібереді.

      7. Комиссия Қарағанды қаласы әкімінің өкімімен құрылады және төрағадан, "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құрамынан құрылған Комиссия мүшелерінен тұрады.

      Төрағаны қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және комиссия құрамы "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өкілдерінен тұруы тиіс.

      Комиссия хатшы персоналды басқару қызметінің басшысы (кадр қызметі) болып табылады. Комиссия жұмысының барлық материалдары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметі) сақталады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысынан басқа қала әкімі сондай-ақ Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Комиссия құрамына кірмейді.

      Комиссия өзінің отырысында мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы өтініштерді қарайды және өткен кезең ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бұрын жүргізілген бағалау нәтижелерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы шешімдер қабылдайды.

      Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия шешімі қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      Комиссия отырысының барысы хаттама түрінде ресімделеді, онда Комиссияның қаралған өтініштер бойынша шешімдері тіркеледі. Хаттамаға комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды, одан кейін персоналды басқару қызметі 3 жұмыс күні ішінде оны өтінішхат енгізген адамға жібереді.

      Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, оны Комиссия төрағасына тапсырады және ол Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркейді.

      8. Осы тәртіппен көзделген біржолғы ақшалай сыйақыларды төлеу тиісті мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша ақша үнемдеу есебінен іске асырылады.

      9. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін Қарағанды қаласы әкімінің алғысы жарияланады.

      10. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметтік қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың алдына қойылған ерекше маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Қарағанды қаласы әкімінің Грамотасымен марапатталады.

      11. Қарағанды қаласы әкімінің грамотасымен және адғыс хатымен көтермелеу туралы шешім "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшыларының және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша қабылданады.

      Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарағанды қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді есепке алу мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке ісіне көтермелеу туралы деректерді енгізе отырып, тиісті мемлекеттік мекеменің персоналды басқару қызметімен іске асырылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) алынбаған тәртіптік жазасы бар;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) Жергілікті атқарушы органдардың құрылымында бір айдан кем жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады