"Саран қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 53/03 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 19/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 6253 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Саран қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 53/03 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5597 болып тіркелген, "Саран газеті" қалалық газетінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 103 (1186), Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады