"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шахтинск қаласында қалалық тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | А. Халтонов |
2021 жылғы 6 қазандағы № 53/01 қаулысына қосымша |
Шахтинск қаласында қалалық тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттары
1. Маршрут №1 "Шахтинск қаласы – Шахан кенті".
2. Маршрут №2 "Шахтинск қаласы – Долинка кенті".
3. Маршрут №3 "Шахтинск қаласы – Новодолинский кенті".