Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, 2020 жылғы 6 ақпандағы көпшілік тыңдаулар туралы хаттамасы мен Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 9 қазандағы қорытындысы негізінде, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының Абай ауданы Абай қаласының келесі көшелері:
1) Энгельс көшесін Әлімхан Ермеков көшесі;
2) Карл Маркс көшесін Сәкен Сейфуллин көшесі;
3) Калинин көшесін Шерубай батыр көшесі;
4) Ленин көшесін Әл-Фараби көшесі;
5) Курчатов көшесін Әлия Молдағұлова көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Абай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Абай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына және Абай аудандық мәслихатының әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы Абай ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Сессия төрағасы | О. Панасиди |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |