Қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 66/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қарашада № 25459 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19- бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы Абай қаласының қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 1 километр үшін 12 (он екі) теңге болып бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

      Келісілді:

      Абай аудандық мәслихатымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады