Ақтоғай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 12/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 6245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 71/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 20.12.2022 № 71/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 10
наурыздағы
№ 12/01
қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар

Орналасқан жері

1

Ақтоғай ауылы, Жосалы көшесі 1 а

2

Айыртас ауылдық округі, Орталық көшесі 6

3

Абай ауылдық округі, Қараменде би көшесі 4

4

Жидебай ауылдық округі, Сауле ауылы, Жастар көшесі 4

5

Жидебай ауылдық округі, Үшарал ауылы, Бәйтерек көшесі 61

6

Жидебай ауылдық округі, Жалаңаш ауылы, Астана көшесі 29

7

Жидебай ауылдық округі, Қарақой ауылы, Ғарышкер көшесі7/1

8

Қызыларай ауылдық округі, Сенкібай би көшесі 38/2

9

Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылы, Еңбек көшесі 6

10

Қарабұлақ ауылдық округі, Сана би көшесі 9 а

11

Кежек ауылдық округі, Бейбітшілік көшесі 11

12

Қусақ ауылдық округі, Қошқар ауылы, Наурыз көшесі 5

13

Ортадересін ауылдық округі, Жәутіков көшесі 21

14

Тасарал ауылдық округі, Ағыбай батыр көшелері 3а, 8

15

Торанғалық ауылдық округі, Абай көшесі 4

16

Сарытерек ауылдық округі, Парасат көшесі 20,

17

Сарышаған кенті, Теміржол көшесі 7

18

Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесі 2

19

Нүркен ауылдық округі, Тоқтар Аубәкіров көшесі 1/1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады