Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 12/01 "Ақтоғай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 71/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31198 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 12/01 "Ақтоғай ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6245 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады