Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 65/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қазанда № 24849 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданы әкімі С. Аймаков

  Бұқар жырау ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 15
қазандағы
№ 65/01
қаулысына қосымша

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 08/02 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 тіркелген);

      2. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 25/09 "Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 08/02 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 тіркелген);

      3. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 38/01 "Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 08/02 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5449 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады