Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 53/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 16/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 24 ақпанда № 6203 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 106/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 06.12.2023 № 106/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" №53/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5848 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқұқтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 мамырда, 2020 жылғы 30 мамырда № 27 (9973) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қожықаев Қанат Шубайұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

  Жаңаарқа ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 19
ақпандағы
№ 16/02
қаулысына қосымша
  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№53/01 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Лауазым атаулары

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

Негізгі персонал:

2.

әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

3.

қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4.

арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

5.

халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы

6.

халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты

7.

халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті

8.

жұмыспен қамту орталығының (қызметі) құрылымдық бөлімінің маманы

Әкімшілік персонал:

9.

бухгалтер

2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы

2.

мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары

3.

көркемдік жетекшісі

4.

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

5.

кітапхананың меңгерушісі

Негізгі персонал:

6.

әкімші

7.

аккомпаниатор

8.

музейлер қорын есепке алу архивисті

9.

библиограф

10.

кітапханашы

11.

концертмейстер

12.

дыбыс режиссері

13.

инструктор

14.

мәдени ұйымдастырушы

15.

әдістемеші

16.

музыкалық жетекші

17.

редактор (негізгі қызметтер)

18.

режиссер

19.

суретші

20.

хореограф

Әкімшілік персонал:

21.

бухгалтер

22.

экономист

23.

іс-жүргізуші

24.

барлық мамандық шебері

25.

заң кеңесшісі

Қосалқы персонал:

26.

жарық аппаратурасының, бейнежазба, дыбыс жазбасы операторы

3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы

2.

мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары

Негізгі персонал:

3.

әдіскер

4.

жаттықтырушы-оқытушы

Әкімшілік персонал:

5.

бухгалтер

Қосалқы персонал:

6.

іс жүргізуші

7.

медициналық бике


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады