Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 106/02 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 желтоқсанда № 82-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына,139-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Жаңаарқа ауданының әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 21 мамырдағы №53/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5848 болып тіркелген);

      2) Жаңаарқа ауданының әкімдігінің "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №53/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы №16/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6203 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Кожукаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты

  Жаңаарқа ауданының
әкімдігінің
2023 жылғы 6
желтоқсандағы
№ 106/02
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Лауазым атаулары

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

Аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

Негізгі персонал:

2.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

3.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Әкімшілік персонал:

5.

Бухгалтер

2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшының (директорының) орынбасары

3.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы

4.

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК бөлім басшысы

5.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі

6.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы)

7.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы)

Негізгі персонал:

8.

Ұжым (үйірме) басшысы

9.

Әкімші (негізгі қызметтер)

10.

Аккомпаниатор

11.

Музейлер қорын есепке алу архивисті

12.

Библиограф

13.

Кітапханашы

14.

Концертмейстр

15.

Дыбыс режиссері

16.

Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер)

17.

Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер)

18.

Музыкалық жетекші

19.

Редактор (негізгі қызметтер)

20.

Режиссер

21.

Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

22.

Хореограф

Әкімшілік персонал:

23.

Бухгалтер

24.

Экономист

25.

Барлық атаудағы мастер

26.

Барлық атаудағы техниктер

27.

Заң кеңесшісі

28.

Бағдарламашы

29.

Инструктор

30.

Дыбыс операторы

Қосалқы персонал:

31.

Жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазбасы операторы

32.

Іс жүргізуші

3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

Басқарушы персонал:

1.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

2.

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары

Негізгі персонал:

3.

Жаттықтырушы-оқытушы

4.

(Мамандырылыған) медициналық бике

5.

(Мамандырылыған) медициналық аға

6.

Әдіскер

Әкімшілік персонал:

7.

Бухгалтер

8.

Экономист

9.

Заңгер

10.

Нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа)

11.

ММ және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын (бюро, гараж, іс-жүргізуші, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық, кір жуатын орын, қойма, шаруашылық) құрылымдық бөлімшенің басшысы

12.

Зертханашы

13.

Инженер

Қосалқы персонал:

14.

Іс жүргізуші

      Аббревиатураны ажырату:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады