Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25702 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

  Нұра аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 9
желтоқсандағы
№ 95
Шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Нұра аудандық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 95
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 13.07.2023 № 38 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3

Толық емес отбасылар.

4

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру Қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады