Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 "Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 38 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 шілдеде № 6472-09 болып тіркелді

      Нұра аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 "Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25702 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра аудандық мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков

  Нұра аудандық мәслихатының
2023 жылғы 13 шілдедегі
№ 38
шешіміне қосымша
  Нұра аудандық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 95
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3

Толық емес отбасылар.

4

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру Қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады