Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25593 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 13.12.2021 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 02-13-672 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ мүйізді малдың арасынан оспа ауруының анықталғанына байланысты, Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұзбел ауылының әкімі Е. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады