Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 54/01 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы"

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 6158 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 54/01 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4411 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 2 қарашасында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Осакаров ауданының әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады