Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 48/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24139 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 13/02 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5222 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В. Абилсеитоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Н. Кобжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Осакаров аудандық

      сайлау комиссиясы

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 48/01 қаулысына қосымша

Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 08.09.2023 № 74/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Осакаровка кенті

Қарағанды көшесіндегі ақпараттық стенд

2

Молодежный кенті

Комаров көшесіндегі ақпараттық стенд (№ 26 орта мектебінің аумағы)

3

Ақбұлақ ауылы

Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд

4

Батпақты ауылы

Абай көшесіндегі ақпараттық стенд

5

Аманқоңыр ауылы

Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық стенд

6

Николаевка ауылы

Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд

7

Қарағайлы ауылы

Кооперативная көшесіндегі ақпараттық стенд

8

Озерное ауылы

Абай көшесіндегі ақпараттық стенд

9

Пионерское ауылы

Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд

10

Есіл ауылы

Литвинская көшесіндегі ақпараттық стенд

11

Сұңқар ауылы

Олимпийская көшесіндегі ақпараттық стенд

12

Садовое ауылы

Болашақ көшесіндегі ақпараттық стенд

13

Шұңқыркөл ауылы

Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд

14

Трудовое ауылы

Юбилейная көшесіндегі ақпараттық стенд

15

Қаракөл ауылы

Школьная көшесіндегі ақпараттық стенд

16

Маржанкөл ауылы

Мира көшесіндегі ақпараттық стенд

17

Сарыөзек ауылы

Центральная көшесіндегі ақпараттық стенд

18

Ертіс ауылы

Казахстанская көшесіндегі ақпараттық стенд

19

Родниковское ауылы

Сарыарқа көшесіндегі ақпараттық стенд

20

Қаратомар ауылы

Әл-Фараби көшесіндегі ақпараттық стенд

21

Мирное ауылы

Мира көшесіндегі ақпараттық стенд

22

Жұлдыз ауылы

Қаныш Сәтбаев көшесіндегі ақпараттық стенд

23

Шідерті ауылы

Мира көшесіндегі ақпараттық стенд

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады