Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/389 "Приозерск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2/20 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 наурызда № 6232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/389 "Приозерск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5921 тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 3 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сарсембеков

  Приозерск қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 25
ақпандағы
№ 2/20
шешіміне қосымша
  Приозерск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/389
шешіміне қосымша

Приозерск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

1 м3 Тариф (ҚҚС-сыз) (теңге)

Жинау және әкету

Көму

Барлығы

Жеке және Заңды тұлғаларға (1м3)

1858,87

368,78

2227,65

Жеке тұлғаларға айына абоненттік төлем (1 адамға)

Жайлы үйлер

275,73

54,70

330,43

Жайлы емес үйлер

348,53

69,15

417,68

      Ескерту:

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады