Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Дюсембаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |
Приозерск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 39/389 шешіміне қосымша |
Приозерск қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифттер
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 25.02.2021 № 2/20 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Атауы | 1 м3 Тариф (ҚҚС-сыз) (теңге) | ||
Жинау және әкету | Көму | Барлығы | |
Жеке және Заңды тұлғаларға (1м3) | 1858,87 | 368,78 | 2227,65 |
Жеке тұлғаларға айына абоненттік төлем (1 адамға) | |||
Жайлы үйлер | 275,73 | 54,70 | 330,43 |
Жайлы емес үйлер | 348,53 | 69,15 | 417,68 |
Ескерту:
ҚҚС – қосылған құн салығы;
м3 - текше метр.