"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48- бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және Қарағанды облысы Приозерск қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 142 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Приозерск қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденов тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласының әкімі | С. Сатаев |