Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 178 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 8121 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 104 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3945 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінде 2004 жылғы 7 қыркүйекте және "Кызылординские вести" газетінде 2004 жылғы 27 тамызда жарияланған);

      2) "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 96 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7631 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады