"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 20209 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 11 наурыздағы № 226 | |
қаулысымен бекітілген |
2021 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Көрсеткіш |
Барлық қажеттілік, |
Бірегей тұқымдар, |
Элиталық көшеттер, | |||
Жергілікті бюджет | 145 530 | 2 471 | 36 167 | 78 892 | 10 800 | 17 200 |
Барлығы | 145 530 | 2 471 | 36 167 | 78 892 | 10 800 | 17 200 |