"Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 17583 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігімен |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 11 наурыздағы № 227 | |
қаулысымен бекітілген |
2021 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің түрлері | Өнім өндіру көлемі | Субсидия сомасы |
тонна | мың теңге | ||
1. | Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары | 20,0 | 8400,0 |