Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 89 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5942 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:
бүкіл мәтін бойынша "оралмандарды", "оралмандардың" және "оралмандар" деген сөздер тиісінше "қандастарды", "қандастардың" және "қандастар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2-сессиясының төрағасы |
Н. Амитов |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байкадамов |