"Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 8225 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Су кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 334 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6851 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2019 жылғы 25 шілдеде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларының:

      19-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) су акваториясында қозғалтқыштың қуаттылығы 40 ат күші және күші одан жоғары шағын көлемді кемелердің пайдаланылуына және қозғалуына (оның ішінде қолдан жасалған Байдалар) жол берілмейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
2-сессиясының төрағасы
Н. Амитов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады