"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 13 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 наурызда № 8229 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "58. Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі спорт кешенін жалға алу.

      59. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі ойын түрлері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      60. Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы спорт кешенін жалға алу.

      61. Қызылорда қаласы Сәулет мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу.

      62. Жаңақорған ауданы Сунақата ауылындағы спорт кешенін жалға алу.".

      2. "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің Қызылорда облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнің "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Б.Ж. Ідірісовке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
2-сессиясының төрағасы
Н. Амитов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады