"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11245 нөмірімен тіркелген) және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 06-4/2008 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 8 шілдедегі № 301 | |
қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері | Мерзімі |
1. | Ақ қауданды қырыққабат | 1 килограмм | 85 теңге | 90 күн |