Қызылорда облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 400 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25067 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облыстық мәслихатымен

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2021 жылғы 8 қарашадағы
№ 400 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері

Маршрут атауы

Бір жолаушыға арналған тариф, теңге

1

Қаратерең ауылы - Әйтеке би кенті

500

2

Т. Көмекбаев ауылы - Қызылорда қаласы

800

3

Жалағаш кенті - Жосалы кенті

350

4

Аққыр ауылы - Қызылорда қаласы

500

5

Жаңадария ауылы - Қызылорда қаласы

400

6

Іңкәрдария ауылы - Қызылорда қаласы

380

7

Тұрсынбай датқа ауылы - Қызылорда қаласы

300

8

Ортақшыл ауылы - Қызылорда қаласы

400

9

А. Тоқмағанбетов ауылы - Қызылорда қаласы

300


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады