Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 05.11.2021 № 1313 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласының әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімінің міндетін атқарушы | Б. Нуридинов |
қала әкімінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 29 наурыздағы № 17759 қаулысына қосымша |
Жекешелендірілетін қалалық коммуналдық меншіктегі ұйым – "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
№ | Объектінің атауы | Жекешелендіруге берілетін қатысу үлесінің мөлшері, % | Жекешелендірудің түрі | Іске асырылу мерзімі, жыл |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | Тендер | 2021 жылғы қазан |