"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 қазандағы №2 қорытындысына сәйкес, Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасбөгет кентінің келесі көшелеріне:
1) Абай көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көшеге "Тамшыбай Тайманов" есімі;
2) су дамбасы жағалауындағы Н. Өткелбаев көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге "Олжабай Сапарбайұлы" есімі;
3) Е. Жүнісбаев көшесі мен М. Шоқай көшесі аралығында орналасқан атауы жоқ көшеге "Мәлікайдар Байбосынов" есімі берілсін.
2. Тасбөгет кентінің "Школьная" көшесі "Бақыт Әзизовтың" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ж. Максутоваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
кент әкімі | С. Сыздыков |