"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 - бабының 5-1) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ көшеге "Қошабай Дабылов" есімі;
2) атауы жоқ көшеге "Мінаж Нағыманов" есімі;
3) атауы жоқ көшеге "Ізтай Айбосынов" есімі;
4) атауы жоқ көшеге "Ізбайыр Жүсіпов" есімі;
5) атауы жоқ көшеге "Әміржан Қуанышбаев" есімі;
6) жаңа көшеге "Арықбай Жиеналиев" есімі;
7) жаңа көшеге "Шынберген Қибасов" есімі;
8) жаңа көшеге "Махамбет Мыңжасаров" есімі берілсін.
2. Арал қаласының келесі көшесі мен тұйық көшелері:
1) "1 май" көшесін "Әбжан Жантекеев" есімімен;
2) "М. Елеуов" тұйық көшесін "Алекеш Бисембаев" есімімен;
3) "О. Жандосов" тұйық көшесін "Әбен Тынымбаев" есімімен;
4) "М. Сәдібеков" тұйық көшесін "Өмірзақ Күшжанов" есімімен қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. Уразбаев |
Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының төрағасы |
А. Асанбаев |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Турахметов |