"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Сексеуіл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:
1) "Мир" көшесі "Бүкірек батыр" есімімен;
2) "Дружба" көшесі "Алмағанбет Маханов" есімімен;
3) "Партизан" көшесі "Түкетай Рахатов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сексеуіл кентінің әкімі | С. Турешов |