Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 21.10.2021 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2 және 3 - қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулыны Қызылорда облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамсыз ету "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |
Қазалы ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 20 қаңтардағы № 7 | |
қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "СПК Қызылорда-Балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2 |
2 | "Жылу-ХХІ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2 |
3 |
Жеке кәсіпкер | 60 | 2 |
Қазалы ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 20 қаңтардағы № 7 | |
қаулысына 2-қосымша |
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 |
Жеке кәсіпкер | 60 | 2 |
Қазалы ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 20 қаңтардағы № 7 | |
қаулысына 3-қосымша |
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердіңтізімдік санынан |
1 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 119 | 2 |
2 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 120 | 2 |