"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2021-2023 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 548 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7976 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер – 54414 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер – 1428 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 52986 мың теңге;
2) шығындар – 55386 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерiн сатып алу – 0;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -972 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 972 мың теңге.".
Жаңа мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округ бюджетіне төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғандығы ескерілсін:
1) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 200 мың теңге.".
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының төрағасы | А. ОРЫМБАЕВ |
Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |
Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 29 шешіміне қосымша |
|
Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 548 шешіміне 1-қосымша |
2021 жылға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
1. Кірістер | 54414 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 1428 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 1428 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 17 | ||
3 | Жер салығы | 117 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 1294 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 52986 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 52986 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 52986 | ||
Функционалдық топ | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
2. Шығындар | 55386 | |||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 27833 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 27833 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 27323 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 510 | ||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 6130 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 6130 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2462 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 525 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 3143 | ||
8 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 21423 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 21423 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 21423 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | -972 | |||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 972 | |||
8 | Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары | 972 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 972 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 972 |