"2021-2023 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №555 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 36 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 8194 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2021-2023 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 555 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7994 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 06 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:

      "1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 86614 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1944 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 84670 мың теңге;

      2) шығындар – 87286 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -672 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 672 мың теңге.".

      2-тармақ жаңа мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 200 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының төрағасы А. ОРЫМБАЕВ
      Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

  Қазалы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 12 наурыздағы № 36
  шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы "25" желтоқсандағы № 555
  шешіміне 1-қосымша

2021 жылға арналған Қызылқұм ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

86614

1



Салықтық түсімдер

1944


04


Меншiкке салынатын салықтар

1944



1

Мүлiкке салынатын салықтар

7



3

Жер салығы

90



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1847

4



Трансферттердің түсімдері

84670


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

84670



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

84670

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

87286

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

23727


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

23727



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

23727

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

48950


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1697



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

1697


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

47253



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1316



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

525



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

45412

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

14609


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

14609



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

14609




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-672




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

672

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

672


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

672



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

672


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады