"2021-2023 жылдарға арналған Аранды ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №547 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 28 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 8195 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2021-2023 жылдарға арналған Аранды ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №547 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7989 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2021-2023 жылдарға арналған Аранды ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 67138 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 2173 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 64965 мың теңге;

      2) шығындар – 67736,8 мың теңге, оның ішінде;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -598,8 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 598,8 мың теңге.".

      Жаңа мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округ бюджетіне төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғандығы ескерілсін:

      1) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 200 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1-қосымшаcы осы шешімнің қосымшаcына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының төрағасы А. ОРЫМБАЕВ
      Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

  Қазалы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 12 наурыздағы № 28
  шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 25 желтоқсандағы №547
  шешіміне 1-қосымша

2021 жылға арналған Аранды ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

67138

1



Салықтық түсімдер

2173


04


Меншiкке салынатын салықтар

2173



1

Мүлiкке салынатын салықтар

23



3

Жер салығы

211



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1939

4



Трансферттердің түсімдері

64965


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

64965



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

64965

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

67736,8

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

29015


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

29015



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

29015

6



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2257


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2257



003

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

2257

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10339


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2593



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

2593


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

7746



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

3505



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

579



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

3662

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

24983


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

24983



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

24983

12



Көлiк және коммуникация

1103


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1103



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1103

15



Трансферттер

39,8


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

39,8



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

39,8




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржыактивтерінсатыпалу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-598,8




6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

598,8

8



Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

598,8


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

598,8



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

598,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады