Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 21 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 сәуірде № 8294 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев ауылындағы "Батыс" көшесі "Әбен Жұмашұлы" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Рыстығұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады