“Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 101 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 маусымда № 5882 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.08.2021 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 болып тіркелген, 2016 жылы 10 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылы 17 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 29 мамырдағы
  № 101 қаулысына қосымша
  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 22 қаңтардағы
  № 10 қаулысына қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атау

Кездесу үшін үй-жайлар

1

2

3

1

Жалағаш кенті

Желтоқсан көшесі №7 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

2

Жалағаш кенті

А.Ізтілеуова көшесі №18 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

3

Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылы

Т.Елеусинов көшесі №14 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №116 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

4

М.Шәменов ауылдық округінің М.Шәменов ауылы

Бұқарбай батыр көшесі №2 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің Әбдрашит Бердаулетов атындағы №34 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

5

Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылы

Игілік көшесі №8 мекен-жайда орналасқан “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

6

Қаракеткен ауылдық округінің Далдабай ауылы

Далдабай көшесі №49 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №115 негізгі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

7

Бұқарбай батыр ауылдық округінің Бұқарбай батыр ауылы

Бұқарбай батыр көшесі №21 мекен-жайда орналасқан “Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

8

Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылы

Б.Ақдаулетов көшесі №7А мекен-жайда орналасқан “Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

9

Таң ауылдық округінің Таң ауылы

Орынбай жырау көшесі №12 мекен-жайда орналасқан “Таң ауылдық округі әкімі аппаратының Таң ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

10

Еңбек ауылдық округінің Еңбек ауылы

Т.Дауытбаев көшесі №5 мекен-жайда орналасқан “Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

11

Аламесек ауылдық округінің Ақарық ауылы

К.Әбішев көшесі №26 мекен-жайда орналасқан, “Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Ақарық ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

12

Жаңадария ауылдық округінің Жаңадария ауылы

Достық көшесі №20 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

13

Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылы

Ә.Жүргенбаев көшесі №28 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

14

Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылы

Мектеп көшесі №61 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №32 Ілияс Қабылов атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

15

Мақпалкөл ауылдық округінің Темірбек Жүргенов атындағы ауылы

Ә.Оңалбаев көшесі №38 мекен-жайда орналасқан “Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы

16

Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылы

Ә.Қожабаев көшесі №23 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №119 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

17

Аққыр ауылдық округінің Аққыр ауылы

Н.Таспенов көшесі №4 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады