Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жалағаш аудандық мәслихатының "Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5571 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Курманбаева |