"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қортындысына сәйкес Жаңақорған кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің келесі құрамдас бөліктеріне:
1) орталық алаңға "Тәуелсіздік" атауы;
2) Ипподром №23 көшеге "Рәш Мырзахметов" есімі;
3) Май бекеті №4 көшеге "Әбіласан Әшірбеков" есімі;
4) Ипподром №24 көшеге "Тасболат Мұзафаров" есімі;
5) Санатория №1 көшеге "Әлім Мұхамеджанов" есімі;
6) Санатория көшесіне "Мүбарак Абдуллаев" есімі;
7) Н. Илялетдинов көшесінің 4-ші қиылысындағы атауы жоқ көшеге "Мұхамеджан Мұсаев" есімі;
8) Жеңіс көшесінің 4-ші қиылысындағы атауы жоқ көшеге "Исмайыл Сарбасов" есімі;
9) Қорғантоғай көкпар алаңының сол жағындағы атауы жоқ көшеге "Дүкенбай Досжан" есімі;
10) З.Мұсаханов көшесі мен Н.Илялетдинов көшесінің аралығындағы атауы жоқ көшеге "Төрехан Біләлов" есімі;
11) Әлшекей көшесінің оң жағындағы атауы жоқ №1 көшеге "Тәліп Әлиев" есімі;
12) К.Бакирова көшесі мен "Тасболат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесіне дейінгі аралықтағы атауы жоқ көшеге "Заманхан Мырзалиев" есімі;
13) Ипподром №22 көшесіне "Иса Мұсаев" есімі;
14) темір жол бойынан Құмсаһаба зиратына дейінгі аралықтағы атауы жоқ көшеге "Орынбай Ахметов" есімі;
15) Әлшекей көшесінің оң жағындағы атауы жоқ №3 көшеге "Оспан Сәдирсламов" есімі;
16) Әлшекей көшесінің сол жағындағы атауы жоқ №2 көшеге "Сайфулла Мырзаев" есімі;
17) А.Асанов көшесі мен Н.Илялетдинов көшесіне дейінгі аралықтағы атауы жоқ көшеге "Сүлеймен Бекенов" есімі;
18) көмір базасынан "Тасболат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесіне дейінгі аралықтағы атауы жоқ көшеге "Тынысбек Ысқақов" есімі;
19) "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің №110 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы атауы жоқ көшеге "Шазында Қарақожаев" есімі;
20) атауы жоқ көшеге "Амантай Сатбеков" есімі берілсін.
2. Жаңақорған кентіндегі "Өркендеу" көшесі "Сейдан Нұрлыбаев" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | С. Садыков |