"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына, "Қызылорда облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №151 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №522 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7934 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №24/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6334 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мен 1-тармағында және шешіммен бекітілген Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша "Төңкеріс" деген сөздер тиісінше "Тұран" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | Е. Женсикбаев |
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |