Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байтерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 156 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 8300 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылының келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ көшеге "Оқшы ата" атауы;

      2) атауы жоқ көшеге "Сейхұн" атауы;

      3) атауы жоқ көшеге "Сығанақ" атауы;

      4) атауы жоқ көшеге "Қаратау" атауы;

      5) атауы жоқ көшеге "Мәжит Сәмбетов" есімі;

      6) атауы жоқ көшеге "Ремет Балтеев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Ж. Ақбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады