"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі кентіндегі келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ көшеге "Базарбек Жақсыбаев" есімі;
2) атауы жоқ көшеге "Әлиакбар Иманбеков" есімі;
3) атауы жоқ көшеге "Арыс Мизамбаев" есімі;
4) атауы жоқ көшеге "Ахмет Донбаев" есімі;
5) атауы жоқ көшеге "Имантай Алдабергенұлы" есімі;
6) атауы жоқ көшеге "Акбар Абдрахманов" есімі;
7) атауы жоқ көшеге "Бекжігіт Мамышев" есімі;
8) атауы жоқ көшеге "Қалмағанбет Қосжанов" есімі;
9) атауы жоқ көшеге "Әбіш Дүйсенбаев" есімі;
10) атауы жоқ көшеге "Ысқақ Дүйсенбаев" есімі;
11) атауы жоқ көшеге "Әбсаттар Жанғабылов" есімі;
12) атауы жоқ көшеге "Оразбек Сәрсенбай" есімі;
13) атауы жоқ көшеге "Қали Әліпбаев" есімі;
14) атауы жоқ көшеге "Қарабұзау Мұхамбетов" есімі;
15) атауы жоқ көшеге "Ибадулла Әлсүгіров" есімі берілсін.
2. Шиелі кентіндегі келесі көшелері:
1) М.Бөлтекейұлы–1 көшеге–"Баянауыл" атауымен;
2) М.Бөлтекейұлы–2 көшеге–"Бурабай" атауымен;
3) М.Бөлтекейұлы–3 көшеге–"Жетісу" атауымен;
4) Т.Тоқтаров–1 көшеге– "Қазығұрт" атауымен;
5) Т.Тоқтаров–2 көшеге–"Жерұйық" атауымен;
6) Т.Тоқтаров–3 көшеге–"Отырар" атауымен;
7) Қ.Қазантаев–1 тұйық көшеге–"Жұмбақтас" атауымен;
8) Қ.Қазантаев–2 тұйық көшеге–"Сұлукөл" атауымен қайта берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі кентінің әкімі | Ғ. Аманжолов |