Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 173 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 24010 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй – жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      Ақтау қаласы бойынша:

      реттік нөмірі 10-1 жол алып тасталсын;

      келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 10-2 және 10-3 жолдармен толықтырылсын:

      "

10-2

"Alikhan muslim shop" дүкені

Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, "Маңғыстау" ойын-сауық кешені, 1 қабат, № 24 бутик

10-3

"Yasin Aktau" дүкені

Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, "Маңғыстау" ойын-сауық кешені, 2 қабат, № 0-10 орын

      ";

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады