"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24738 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтілсін.

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімі
  2021 жылғы 4 қазандағы № 239
  қаулысына қосымша

"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшері

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Пайдалану уақыты

Тарифтер мөлшері (теңге)

1.

Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

3 906

2.

Жолсерік қызметін ұсыну

1 топ (20 адамға дейін)

1 тәулік

2 450

3.

Көлік (шағын автобус) қызметтерін ұсыну

1 бірлік (16 адамға дейін)

1 тәулік

31 340

4.

Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:
1. Туристік шатырды ұсыну;
2. Жатын қапшықты ұсыну;
3. Вагон-үйшікті ұсыну (6 адамға)

 
1 бірлік
1 бірлік
1 бірлік

 
1 тәулік
1 тәулік
1 тәулік

 
437
634
7 655

5.

Көлік тұрақтарын ұсыну

1 бірлік

1 тәулік

400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады